Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Қазақстанда жыл сайын 28 сәуірде 2005 жылы бекітілген Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді.

Еңбекті қорғау күні мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, қызметкерлер мен кәсіподақтардың назарын жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын насихаттауға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін барынша төмендетуге аудару мақсатында өткізіледі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыруға ерекше мән береді.

Бұл үдерісте Холдинг кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызмет атқаратын мамандарға айрықша рөл жүктеледі.

Тұрақты негізде ішкі аудиттер, инспекциялық тексерулер жүргізіліп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жасалады.

Осы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Холдинг еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін үйлестіреді, әдістемелік ұсынымдар әзірлейді, мониторинг жүргізеді, сондай-ақ жыл сайын кәсіпорындарға барып, есептілікке верификация жүргізеді.

Компания адамды ең құнды ресурс деп есептейді. Сондықтан адам өмірін сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басым міндеттердің бірі болып табылады.

Кері қайту