«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!
Қазақстан тарихи тұрғыдан өзара құрмет, ашықтық, жасампаз еңбек және ортақ болашаққа ұмтылыс сынды құндылықтар тоғыстырған көптеген этнос өкілдерінің ортақ шаңырағына айналды.
Бұл қағидаттар «Қазақстан инжиниринг» ұжымының қызметінен де айқын көрініс табады. Компанияда түрлі ұлт өкілдері бір мақсат жолында еңбек етіп, әрқайсысының өмірлік тәжірибесі, мәдени ерекшелігі мен салт-дәстүрі бөлінуге емес, өзара байып, рухани және кәсіби тұрғыдан толығуға негіз болуда.
Осы мерекелі күні «Қазақстан инжиниринг» барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, бақ-береке, әр шаңыраққа жылу мен амандық, ел игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейді. Ынтымақ, өзара қолдау мен жасампаздық әрдайым ортақ жолымыздың берік тұғыры болсын.