Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бұл мереке – ерлік пен өрліктің, ар-намыс пен Отанға адал қызмет етудің айқын белгісі. Осы айтулы күні біз ел тыныштығы мен азаттығын қорғап, бейбіт өмірдің берік негізін қалаған ата-бабаларымыздың қаһармандығын зор ризашылықпен еске алып, ел қорғаны болуды өмірлік мұрат еткен жандарға шынайы құрметімізді білдіреміз.

Отанға деген адалдық, туған жерді қорғауға әрдайым дайын болу және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алу – қай кезеңде де ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі әрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қастерлі дәстүр. Бүгінде Қазақстанның әскери қызметшілері осы сара жолды абыроймен жалғастырып, антқа адалдық танытып, елге қызмет етудің асыл мұраттарына берік болып, азаматтық әрі әскери борышын жоғары жауапкершілікпен атқаруда.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің қызметкерлеріне – инженерлерге, конструкторларға, өндіріс жұмысшыларына, кәсіпорын мамандарына және Холдинг ұжымына айрықша алғысымызды білдіреміз. Сіздердің күнделікті табанды еңбектеріңіз мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Кәсібилік, жауапкершілік және іске деген адалдықтарыңыздың арқасында отандық технологиялар дамып, өнеркәсіптік әлеует артып, ел қауіпсіздігінің берік негізі қалыптасып келеді.

Компания әскери қызметшілерге, ардагерлерге, күштік құрылым өкілдеріне және өз еңбегімен Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, елдің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген барша азаматтарға терең ризашылығын білдіреді.

Баршаңызға зор денсаулық, рух мықтылығын, бақ-береке, ертеңгі күнге сенім және ашық аспан тілейміз!

Кері қайту