Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Салық есептілігін тапсыру бойынша семинар

2023 жылғы 25 мамырда Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Қазтехнологиялар» АҚ қызметкерлеріне салық есептілігін толтыру және тапсыру туралы оқыту семинарын өткізді.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты – көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілердің салық мәдениетін арттыру.

Кезең-кезеңмен көшу аясында ағымдағы жылдан бастап, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары салық есептілігін тапсыру көзделген.

Декларацияларды қағаз жеткізгіште тапсырудың мерзімі 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей, ал электронды түрде – 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей.

Семинар барысында мемлекеттік кірістер органының қызметкері декларацияны толтыру тәртібін жан-жақты түсіндіріп, ақпараттық слайдтар көрсетіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кері қайту