Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей машина жасау зауыты» АҚ жұмысшыларына жалақы төленетін болады

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) және Санатор - «Oljakol» ЖШС Семей қаласының «Семей машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі – «СМЗ» АҚ / зауыт) қызметкерлерінің жалақысы бойынша жағдайды түсіндіргісі келеді.

2022 жылғы ақпанда «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес соттың шешімі бойынша «СМЗ» АҚ-ға қатысты 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды.

Оңалту кезеңінде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетіледі және борышкердің жалғыз басқару органы ретінде оңалтуды басқарушы М. Б. Аленов болып табылады.

Зауытта қиын қаржылық жағдайға және тапсырыстардың болмауына байланысты, Кредиторлар жиналысы мен комитеті зауыттың еңбек ұжымының өкілімен бірлесіп Санаторды тартуға кірісті.

2023 жылғы 2 мамырда «СМЗ» АҚ-ның Кредиторлар жиналысы мен комитеті Санаторды - отандық инвесторд болалып табылатын «Oljakol» ЖШС-ні таңдады, онымен Санация туралы келісімге қол қойылып, жаңа оңалтуды басқарушы сайланды.

Бұл компания зауыт өнімдерін сатып алушылардың бірі болды, әрі қарай теміржол өнімдерін өндіруді және сатуды жоспарлап отыр.

Санация туралы келісімге сәйкес, «Oljakol» ЖШС зауыттың қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту, оның кредиторлық берешегін өтеу және зауыттың барлық ұжымына жалақы бойынша берешек бірінші кезекте өтелетін «СМЗ» АҚ оңалту жоспарын орындау бойынша барлық міндеттемелерді өзіне алады.

2023 жылғы 26 мамырда Санатор - «Oljakol» ЖШС зауыттың әрбір қызметкерімен жеке кездесулер өткізді, оның барысында Оңалту жоспары және санация бойынша түсініктемелер берілді.

Санатордың өкілеттіктерін заңды күшіне енгізу жөніндегі сот шешімінің болмауына қарамастан, «Oljakol» ЖШС зауыттың барлық жұмысшыларының жалақысы бойынша ішінара төлем жүргізілетін болады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Санатор – «Oljakol» ЖШС-ге электрондық мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: oljakol.llp@gmail.com.

Толық ақпарат https://ke.kz/ru/press-center/news/3856/ сілтеме бойынша орналастырылды және "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ сайтында тұрақты орналастырылады.

Кері қайту