Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық ұшқышсыз ұшақ аппарат сынақтардан сәтті өтті

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы жаңарған Шағала-М ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан сәтті өткізді.

Аппараттың тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсартылды, атап айтқанда: оның жылдамдығы, биікке көтерілуі және ұшу ауқымы.

«ҰҰА әскери және азаматтық қажеттіліктер үшін де қолданылады: мұнай-газ, энергетика секторлары және іздестіру-құтқару жұмыстары үшін. Дронды тікұшақ техникасының орнына ТЖ кезінде мұнай құбырларын, газ құбырларын, электр беру желілерін мониторингтеу үшін пайдалануға болады», - деді «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Теміржан Әбдірахманов.

Сондай-ақ, ұшқышсыз ұшу аппараттарын барлау, іздеу-құтқару, байланыс және басқару құралдары үшін қайталағыштар үшін пайдалануға болады.

«Артықшылығы – Шагала-М үшін ұшу-қону жолағы қажет емес. Құны шетелдік аналогтарға қарағанда арзан. Өнімді сатуға СТ–KZ сертификаттары, индустриялық сертификат және тиісті патент алынғанын атап өтемін», - дейді «R&D орталығы «Қазақстан инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ғани Байсейітов.

2023 жылы ҚР ИИДМ-де Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидалары әзірленді, олар әуе кеңістігін пайдалану тәртібін ғана емес, сондай-ақ, ұшу аппараттарын есепке алуды, санаттауды және оларға рұқсат беру құжаттарын беруді реттеуге тиіс.

Өз кезегінде, «Қазақстан инжиниринг» ҰҰА базасында нысаналы кешендер, қалыптасу сатысында – соққы-барлау ҰҰА, сондай-ақ камикадзе ҰҰА бойынша жобалар әзірленді.

Бұдан басқа, Авиациялық-оқу орталығы базасында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасы іске қосылады.


Кері қайту