Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
СЕТС өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 25 сәуірде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қытайдың электрондық және ақпараттық технологиялар саласындағы ірі мемлекеттік корпорациясы China Electronic Technology Group Corporation (CETC), сондай-ақ «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ және ҚР ҚМ-мен кездесу өтті.

СЕТС корпорациясы электроника, қауіпсіздік электроникасы және ақпараттандыру саласында өз қызметін қалыптастырды, оның нарығы әлемнің 110-нан астам елдері мен аймақтарын қамтиды.

СЕТС пен «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде байланыс құралдарының, радиоэлектрондық күрес және барлау құралдарының таныстыру презентациясы өткізілді.

Өз кезегінде Тараптар Қазақстан Республикасының күштік ведомстволарының мүддесі үшін электрондық күрес және байланыс құралдарын келешекте өндіруді жергілікті қамту бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын енгізді.

Кері қайту