Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей инжиниринг» АҚ-та мұражай ашылды

«Семей инжиниринг» АҚ аумағында кәсіпорынның қалыптасу және даму тарихына шолу жасауға мүмкіндік беретін мұражай өз есігін ашты.

Салтанатты ашылу барысында «Семей инжиниринг» АҚ-тың Бас директоры Талғат Тұрлыбаев өткеніңді білмей, болашаққа қадам баса алмайсың демекші, мұражайдың ашылуы зауыт үшін маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.

Мұражай құру бойынша жұмыс бір жылдан астам уақытқа созылды. Мұражай құру бойынша барлық жұмыстар кәсіпорын қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында жүзеге асты. Осы уақыт ішінде қызметкерлер мұрағат деректерін мұқият зерттеп, оларды мұражай экспозициясына енгізу үшін жинады. Алдағы уақытта экспозицияны жаңартылған ақпаратпен және экспонаттармен толықтыру жоспарлануда.

Болашақта мұражайды жаңа қызметкерлер мен жас мамандарды кәсіпорын тарихы мен жетістіктерімен таныстыру үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Кері қайту