Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

Мансап

«ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЛАРДЫ – ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ҮШІН КОНКУРС ӨТКІЗЕДІ

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тәуелсіз директорларды – келесі еншілес ұйымдардың Директорлар кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі –ЕҰ) сайлау үшін конкурс өткізеді:

  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Петропавл қ.);
  • «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ (Петропавл қаласы);
  • «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.);
  • «Зенит» Орал зауыты» АҚ (Орал қ.);
  • «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ (Орал қ.);
  • «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қ.);
  • «Семей инжиниринг» АҚ (Семей қ.);
  • «Семей машина жасау зауыты» АҚ (Семей қ.);
  • «КИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ (Ерейментау қ.);
  • «Қазтехнология» АҚ (Нұр-сұлтан Қ.)

Тәуелсіз директорға қойылатын талаптар:

  •  «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20-тармағына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкестігі;
  • экономика және қаржы, және/немесе заң және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит салаларындағы жоғары білім;
  • компаниялардағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде: ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс өтілі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде Директорлар кеңесінің мүшесі позициясында қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін компаниялардағы жұмыс тәжірибесі және/немесе директорлар кеңесінің мүшесібасшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл мерзімге жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2022 жылғы 15 шілдеге дейін мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) Қосымшаға сәйкес келісім-өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттардың, ғылыми дәреже берілгенін растайтын құжаттардың, сертификаттар лицензияларының және даярлау (қайта даярлау) не біліктілігін арттыру (болған жағдайда) туралы өзге де құжаттардың, сертификаттардың (болған жағдайда)көшірмелері;

4) Кандидат туралы мәлімет, қосымшаға сәйкес

5) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды толтыру нысаны компанияның сайтында www.ke.kz орналасқан "мансап" бөлімінде. Құжаттар компанияға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мына мекен-жай бойынша жіберіледі:

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А Тел. (+7 7172) 72 52 52 (Ішкі. 1705), e-mail: U.Makash@ke.kz

Тізіміне оралу