Директорлар кеңесі мүшесіне сайлану күні – 09.12.2019
Азаматтығы - Қазақстан Республикасы
Туған күні 8 қазан 1949 жыл.
Оқу орны
- Қарағанды политехникалық институты, мамандығы «Машина жасау технологиясы».
Жұмыс тәжірибесі
- Өндірістік қызметін Қарағанды қаласында 1971 жылы «НКМЗ» (Новокараганда машина жасау зауыты) зауытында аспапты цехтың шебер қызметінен бастаған;
- 1979-1990 жылдары кәсіподақ және партия желісі бойынша сайланбалы лауазымдарда жұмыс істеді, Қазақстан Компартиясының облыстық комитеті мен ОК мүшесі, «КарГорМаш» өндірістік бірлестігінің партия комитетінің хатшысы болды;
- «КарГорМаш»ӨБ 1990 жылдан бастап басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, «КарГорМаш» ӨБ өндіріс жөніндегі директор болды, №1 Машзауыт директоры, «КарГорМаш»ЖАҚ президенті «КарГорМаш-М»ЖШС директоры;
- 2009 жылдан бастап қайта құрылымдаудан кейін «КарГорМаш-М» ЖШС директоры болып табылады, 2018 жылдың қараша айынан бастап осы Серіктестіктің кеңесшісі болып тағайындалды.
Басқа да лауазымдар:
- 2015-2016 жылдары «Қазақстан Инжиниринг»ҰК»АҚ тәуелсіз директоры болды;
- «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (27.11.2018 бастап).