Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

Құрылымы

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ республикамыздың ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін (22 өндірістік кәсіпорын кіретін) холдингтік құрылым болып табылады. Компанияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Компания қызметінің түрлері:

  • ҚР әлеуетті ведомстволары мен экспортына арналған арнайы белгілеудегі өнімдері мен қызметтерінің өндірісі;
  • Мұнай кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
  • Темір жол кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
  • Ауылшаруашылығы машиналарын жасау;
  • Радиоэлектроника.

Шешімге қосымша
Директорлар кеңесінің
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ
2021 жылғы 11 тамыздағы (№ 6 хаттама)

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ
ұйымдық құрылымы

Компания активтерінің құрылымы

Компания активтерінің құрылымы бүгінгі күні 26 ұйымнан тұрады, оның ішінде 12 еншілес, 4 немерелі, 4 бірлесіп бақыланатын, 6 тәуелді ұйымнан тұрады.