Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

Қаржы

Шоғырландырылған қаржылық есеп – біртұтас шаруашылық түзілімі ретінде қаралатын өзара байланысты ұйымдар тобының қаржылық есептілігі. Ол есептік күнге топтың мүліктік және қаржылық жағдайын, сонымен қатар есеп беру кезеңіне оның қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Шоғырланған есептік топтың сипаттық ерекшелігі – активтер, міндеттемелер, екі немесе бірнеше заңды дербес бірліктердің кіріс пен шығыстарын қаржылық есептің жеке жүйесіне біріктіреді. Шоғырландырылған есептілік алғаш рет 1903 жылы пайда болды және қазіргі уақытта барлық холдингтер мен компания топтары құрайды.

Шоғырландырылған қаржылық есеп шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен, түсім мен шығыннан, капитал өзгерісі туралы есептілік, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептілік, сонымен қатар оларға ескертпелерден тұрады.


Кері қайту