Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания)
«Семей инжиниринг» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2021 жылы «24» желтоқсанда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11:00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) және сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «Семей инжиниринг» АҚ (бұдан әрі-Актив) 100 % (жүз пайыз) жай акциялары.

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің қызмет түрі:

  • автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу;
  • әскери ұрыстық автокөліктік құралдар өндірісі;
  • арнайы тағайындалған жабдықтар мен басқа машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу;
  • металлдарды өндеу мен металлдарға жабын жағу;
  • атыс қару-жарағын және артиллериялық қаруларды жөндеу.

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, западный промышленный узел көшесі, 1-үй.

Активтің бастапқы бағасы: 12 583 611 000 (он екі миллиард бес жүз сексен үш миллион алты жүз он бір мың) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

1) «Семей инжиниринг» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «Семей инжиниринг» АҚ қызметкерлерінің штат санының кемінде үштен екісінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 24 (жиырма төрт) ай ішінде
«Семей инжиниринг» АҚ-ның негізгі қарызын, негізгі қарыз бойынша сыйақы және дивидендтерді төлеу бойынша Компания алдында кредиторлық берешегін өтеу;

4) сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) Активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу.

Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 24 (жиырма төрт) ай ішінде бөліп төлеуге жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30 % - ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында таныса аласыз www.gosreestr.kz.

87 510 000 (сексен жеті миллион бес жүз он мың) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі ретінде кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Егер байқау жеңімпазы сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және сатушының Активі сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюы бойынша міндеттемелерін орындауды белгілейтін құжат.

Электрондық конкурс өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 69 55 99 (ішкі 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.


Кері қайту