Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

Шығарылымдар

САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) 
«ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2022 жылы «11» тамызда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11:00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ (бұдан әрі-Актив) 100 % (жүз пайыз) жай акциялары.

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің қызмет түрі:

-     әскери жауынгерлік  автокөлік құралдарын жасау;

-     арнайы мақсаттағы  басқа машиналао жасау;

-     автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

-     арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

-     өнеркәсіптік газды өндіру;

-     қару-жарақ және оқ-дәрілер өндірісі;

-     оқ-дәрімен атылатын және артиллериялық қаруды жөндеу.

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Каменный карьер көшесі, 2/63.

Активтің бастапқы бағасы: 891 798 000 (сегіз жүз тоқсан бір миллион жеті жүз тоқсан сегіз мың) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

1) «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ қызметкерлерінің штат санының кемінде үштен екісінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ-да жұмыс орындарын сақтау;

4) Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап 36 (отыз алты) күнтізбелік ай ішінде «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ-ның қарыз бойынша негізгі борышты, қарыз бойынша сыйақыны және дивидендтерді төлеу бойынша Компания алдындағы кредиторлық берешегін өтеу;

5) сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) Активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу.

Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 24 (жиырма төрт) ай ішінде бөліп төлеуге жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30% - ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында таныса аласыздар www.gosreestr.kz.

91 890 000 (тоқсан бір миллион сегіз жүз тоқсан мың) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі ретінде кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Егер сауда-саттықта жеңімпаз болып танылған қатысушы  сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және сатушының Активі сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына  қол қоюы  бойынша міндеттемелерін орындауды белгілейтін құжат.

Электрондық конкурс өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.

Тізіміне оралу