Phone +7(7172)69-55-99

Дуальды білім беру

Еншілес ұйымдарда дуалды оқыту жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы.

Компания топтарының кәсіпорындары қызметкерлерінің кәсіптік және білім деңгейін арттыру мақсатында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарында 2016 жылға арналған оқытудың дуалды жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) әзірленді және бекітілді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес 2017 жылдан бастап елде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» атты жаңа жоба басталады. Жобаның шеңберінде Жоспарды орындау үшін кәсіпорындардың көпшілігі Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК филиалдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты, еншілес ұйымдарға қажетті мамандықтардың тізбесі анықталды, ол бойынша кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау күтілуде. Мысалы «Семей инжиниринг» АҚ әскери мақсаттағы арнайы техниканы басқарумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен байланысты 7 мамандық бойынша қызметкерлердің өндірістен қол үзбей оқуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылы кәсіпорындар мен республиканың оқу орындары арасында дуалды білім беруді енгізу туралы шарттар мен меморандумдар жасасу жөнінде жұмыс жалғасын тапты. Мәселен, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ

Мәселен, С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен, «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» МКҚК-мен, «Алматы индустриалдық колледжі» мекемесімен, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі» МКҚК-мен кәсіптік практиканы өту туралы шарттар жасады. «Семей инжиниринг» АҚ «Электр техникалық колледжі» МКҚК-мен және «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» МКҚК-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады, өндірістік практикадан өтуге және кадрлар даярлауға шарттар, бірлескен кәсіпорындардың меморандумдарды іске асыру жөніндегі жоспарлары әзірленді және бекітілді. Шәкәрім атындағы СМУ-мен кәсіптік практикадан өткізуге шарт жасалды.

«Мұнаймаш» АҚ, Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық колледжі және Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпорын қызметкерлерін дуалдық оқытуды ұйымдастыру мақсатында Әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты шарт жасалды.

Қазіргі уақытта Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберінде еншілес ұйымдардың жас мамандары арасынан Компанияның кәсіпорындары үшін қажет мамандықтар бойынша білім гранттарын алуға үміткерлерді таңдап алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес тәлімгерлік институтын ұйымдастыру және оны дамыту жөніндегі шаралар айтарлықтай қарқын алды. Компанияның көптеген кәсіпорындарында тәлімгерлерді біліктілігі жоғары, оның ішінде ЖОО мен колледждердің оқушыларын дуалды оқыту шеңберінде өндірістік практикадан өтуге жауапты мамандар арасынан дербес бекіту туралы бұйрықтар шығарылды. Мысалы, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-та техникалық оқу орындарының 26 студенті үшін өндірістік практика ұйымдастырылды, олардың әрқайсысы үшін кәсіптік оқыту нұсқаушысы (тәлімгер) бекітілді. Компанияның еншілес ұйымдарында оқу сыныптары жабдықталуда, цехтарда арнайы жұмыс орындары (өндірістік алаңдар) құрылуда. Ұжымдық шарттарда тәлімгерлерді материалдық көтермелеу шаралары көзделуде.

Жұмысшы кәсіптерді, Компанияның еншілес кәсіпорындарына қажет мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын оқу орындарына түсуге жастардың уәждерін танымал ету мақсатында, кәсіпорындарда тиісті ақпараттық-насихат жұмысы жүргізіледі. Мысалы, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-та жалпы білім беретін мектептердің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінің, Электр техникалық колледжінің оқушылары мен мектеп бітіруші түлектері үшін зауытқа экскурсиялар тұрақты негізде ұйымдастырылуда. Іс-шаралардың басты мақсаты – жастарға мамандық таңдауда көмектесу.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-та кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде ағымдағы жылы қаланың ЖОО-ның, колледждерінің, мектептерінің 227 студенті мен оқушылары үшін зауытқа экскурсиялар ұйымдастырылды, оның барысында кәсіпорынның тарихымен, оның дәстүрлерімен, шығаратын өнімдерінің ассортиментімен, зауыттың Солтүстік Қазақстан облысы мен тұтас республиканың экономикасына қосқан үлесімен танысты.

Өткен жылдың қазан айында кәсіптік оқуды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық мақсатында Компания мен «Райнметалл Истерн Маркетс ГМБХ (ГФР) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумды іске асыру Астана қаласында «Райнметалл академиясын» - Компанияның еншілес кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығын құруды көздейді. Ағымдағы жылғы наурыз айында Компания қызметкерлерінің «Райнметалл Истерн Маркетс ГМБХ-қа» танысу сапары болды, оның барысында оқу орталықтарын құру, неміс дуалды кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі зерттелді. Қазіргі уақытта «Райнметалл Истерн Маркетс ГМБХ» басшылығы Компанияның қызметкерлерін Кәсіптік білім беру орталығының базасында оқытуды ұйымдастыру және мына мамандықтар бойынша: метал конструкциялары бойынша маман, автосырлаушы, электроншы механик, өңдеу орталығының операторы, механикалық жинау жұмыстарының слесарі, электроника, баспа платтарын (сызбанегіздерін) шығару және сыртқы қабатты монтаждау саласындағы маман, тесттік жабдықтау саласындағы маманды Касселе қаласында (Германия) біліктілікті арттыру мүмкіндігін қарастыруда.