Құрылымы
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ республикамыздың ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін (22 өндірістік кәсіпорын кіретін) холдингтік құрылым болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Компанияның қызмет көрсету түрі:
Компания қызметінің түрлері:
- ҚР әлеуетті ведомстволары мен экспортына арналған арнайы белгілеудегі өнімдері мен қызметтерінің өндірісі;
- Мұнай кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
- Темір жол кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
- Ауылшаруашылығы машиналарын жасау;
- Радиоэлектроника.
Шешімге қосымша
Директорлар кеңесінің
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ
2021 жылғы 11 тамыздағы (№ 6 хаттама)
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ
ұйымдық құрылымы
Компания активтерінің құрылымы
Компания активтерінің құрылымы бүгінгі күні 26 ұйымнан тұрады, оның ішінде 12 еншілес, 4 немерелі, 4 бірлесіп бақыланатын, 6 тәуелді ұйымнан тұрады.