Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Бақ біз туралы

"Армия-2020": Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

"Армия-2020" халықаралық әскери-техникалық форумы аясында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Сәрсембаев Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Олег Рязанцевпен кездесті.

Кездесу барысында қос мақсаттағы өнімді бірлесіп өндіру, жөндеу және жаңғырту бойынша жобалар табысты іске асырылып жатқаны атап өтілді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде азаматтық мақсаттағы өнімдер бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілік білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, қазір Мәскеу облысында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ кәсіпорындары қатысатын "Армия-2020"халықаралық әскери-техникалық форумы өтіп жатыр. Форум жұмысы 2020 жылдың 29 тамызында аяқталады.

Тізіміне оралу