Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

Компания ұжымымен кездесу өтті

2019 жылдың 4 қыркүйегінде ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ ұжымымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 17 маусымдағы  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне еліміздің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілгені белгілі.

Атап айтқанда, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және т.б.

Кездесу барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Сондай-ақ, басқосуда қорғаныс өнеркәсібі кешенінің көптеген мәселелері, оның ішінде Компанияның стратегиялық даму, кадрлық саясаты және азаматтардың өтініштеріне қатысты мәселелер т.б. талқыланды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ  баспасөз қызметі

Тізіміне оралу