Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

Арыс қаласының оқушыларына тарту

«Біз-Арыспен біргеміз!» жалпыұлттық шараның аясында «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына қарасты  «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС өкілдері Арыс қаласына келді.

Компания қызметкерлері жаңа оқу жылының қарсаңында 87 оқушыға ішіне барлық қажетті оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін табыс етті.  Бұдан бөлек, әрбір оқушыға спорт киімдерін сатып алу үшін арнайы сертификаттар да сыйлық ретінде табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Арыста жарылыс болған алғашқы күндері «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 5 мыңнан астам қызметкерлері өздерінің бір күндік табыстарын зардап шеккендерге көмек ретінде арнайы қорға аударған болатын.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Тізіміне оралу