Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алматыда «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) бас директоры Юнг Штеффен Бенидикт пен Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов авиация мамандарын даярлау мен қайта даярлауға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында шағын авиация саласындағы білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ оларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды дайындау мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда жеңіл авиация мамандарының, ұшу және техникалық кадрлардың тапшылығы байқалуда. Тікұшақ операторлары, сондай-ақ авиациялық қызмет көрсету орталықтары білікті мамандарды жалдауға мүдделі », - деді Юнг Штеффен Бенидикт. Қазіргі уақытта «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС университет өткізетін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне» қатысуда.

Тізіміне оралу