Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

«С.М. Киров атындағы зауыт» ай сайын 2500 ZiK компьютерін сатуға шығаруға дайын

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап  Microsoft және «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ арасындағы зауыттың компьютерлік өнімдерін Windows 10Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жарақтандыру  жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.

Жан-жақты қауіпсіздік, бизнес-класс құралдары мен икемді басқару арқасында Windows 10Pro  қазіргі заманғы жұмыс орнының берік негізі болып табылады. Windows 10Pro сіздің деректеріңіздің, жабдықтарыңыздың, сондай-ақ тіпті жоғалған немесе ұрланған құрылғылар ішіндегі де бизнес ақпараттары мен жеке деректерді қорғайтын бекітілген қауіпсіздік мүмкіндіктерін қамтиды.

Зауыт пен Microsoft корпорациясы арасындағы ынтымақтастық отандық өнімдер мен әлемдік деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыздандырудың артықшылықтарын біріктіреді.

Қазіргі кезеңде компьютерлік техниканың өндірісі 5-ші дәлдік класындағы баспа схемаларын және SMD-құрастыру желісін шығаруға арналған Қазақстандағы ең заманауи желіде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, компьютерлік техниканы және басқа да азаматтық өнімдерді дамыту мен өндіруді едәуір жеделдететін жаңа цех салу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зауыт ай сайын халықтың қажеттіліктері үшін 2500 ZiK компьютер шығаруға дайын. Компьютерлік өнімдердің жобалық қуаттылығы жылына 30 000 данаға дейін. Жол картасына сәйкес дербес компьютерлер өндірісінде локализация үлесінің кезең-кезеңімен өсуі байқалады.

ZiK компьютерлік жабдықтары бірыңғай жұмыс орнына қойылатын талаптарға толық жауап береді. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 / НҚ бұйрығына сәйкес «С.М.Киров атындағы зауыт» өнімдері сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электронды өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген.

Бұл тізілімге ену мүдделі мемлекеттік органдарға ZIK компьютерлік техникасын мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы алуға мүмкіндік береді және барлық қазақстандықтар үшін де қол жетімді деген сөз.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Тізіміне оралу