Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

ӨЖЖ аппараттарының өндірісі бойынша

«Тыныс» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін машина жасау кәсіпорны болып табылады (ҚР ИИДМ еншілес кәсіпорны). Кәсіпорын әр түрлі салаларға арналған өндірістік-техникалық мақсаттағы 100-ден астам тауар түрін шығарады, соның ішінде «КОКЧЕТАВ-4п» өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ).

«КОКЧЕТАВ-4п» - бұл жедел жәрдем машиналарында, оқиға орнында және дала жағдайында, сондай-ақ хирургияның, реанимацияның клиникалық бөлімшелерінде, қарқынды терапия палаталарында өкпені оттегі-ауа қоспасымен жасанды желдету және оттегі ингаляциясын жүргізуге арналған жинақы, шусыз, автономды аппарат.

Өндірілетін ӨЖЖ аппараттарының қазақстандық құрамы 90% құрайды, барлық жиынтықтаушылар «Тыныс» АҚ базасында өндіріледі.

Бұл ретте, «Тыныс» АҚ шығарылатын бұйымдардың санын арттыру үшін өндірістік қуаттылыққа ие.

Бүгінгі күні, өтеусіз беру шеңберінде ӨЖЖ аппаратының 81 бірлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Бұдан басқа, шығарылған ӨЖЖ 245 аппараттары Қарағанды, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарына жөнелтілді.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қ., Ы. Алтынсарин 13

Телефон: +7-716-225-0061

Сайт: https://tynys.info/

Email: info@tynys.kz

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/o-proizvodstve-apparatov-ivl?lang=kk

Тізіміне оралу