Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

"Қазақстан Инжиниринг" АҚ кезекті аппараттық кеңес өткізілді

03 қарашада "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ-да компанияның бірінші басшысы Әділбек Сәрсембаевтың төрағалығымен еншілес және тәуелді кәсіпорындар директорларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңес аясында зауыт директорлары 2020 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысына, сондай-ақ 2021 жылға арналған жаңа тапсырысты қалыптастыруға қатысты ағымдағы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, 2021 жылға арналған алдын ала жоспарлар айтылды және компанияның мемлекеттік органдармен ынтымақтастық үлесін арттыру бойынша стратегиялық мақсат қойылды.

Бұдан басқа, компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі күні компания қоржынында 16 инвестициялық жоба бар, оның 9-ы пайдалануға берілген және қолданыста, қалған жобалар ағымдағы тапсырмаларды іске асыру және орындау барысында.

Зауыттар мен еншілес кәсіпорындардың директорларына, сондай-ақ басқарманың жетекшілік ететін мүшелеріне келесі жылды тиімді жоспарлау үшін бірқатар міндеттер қойылды. Басқарма төрағасы компанияның негізгі міндеті – жоғары табысты инвестицияларды қамтамасыз ету, пайда алу үшін зауыттарды тиімді басқару екенін атап өтті. Зауыт басшылығының алдына көлік-техникалық парктің жай-күйін бағалаумен қатар, жаңа өткізу нарықтарын іздеуге және талдауға қатысты нақты міндеттер қойылды.

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ 2003 жылы құрылған және қорғаныс, Азаматтық өнім және қосарлы мақсаттағы өнім өндіру саласында мемлекеттік саясатты орындайды. Компанияның құрамына еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі ауыр машина жасау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені бойынша 4500-ден астам еңбек ететін 15 белсенді зауыт кіреді.

Тізіміне оралу