Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметімен танысты

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ә.З. Сәрсембаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президентті "Қазақстан Инжиниринг" Ұлттық Компаниясының даму перспективалары туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ құрамына кіретін "Steel Manufacturing" ЖШС жез бұйымдары зауытының өндірістік қуаттарымен қызығушылықпен танысты. Зауытта заманауи канадалық өндіріс технологиясы енгізілген, зауыттың өндірістік қуаты жылына 30 млн. дана бұйымды құрайды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның қазақстандық қамтылуы 77% - ды құрайды және бұл шек емес: жоспарда 90% - ға дейін өсіру. 

Президенттің жұмыс сапарының мақсаты "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын дамыту перспективаларын зерделеу, сондай-ақ 2020 жылы салынған спорт объектілері мен білім беру мекемелерін қарап шығу болды.

Тізіміне оралу