Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

"811 Автожөндеу зауыты" АҚ-да жаңа Бас директор тағайындалды

Ұлттық компанияның директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі – "811 Автожөндеу зауыты" АҚ Бас директоры болып Баязитов Рамиль Равилевич тағайындалды.

Баязитов Рамиль бұған дейін "Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ-да Қорғаныс өндірістері департаменті директорының орынбасары болған. 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде 13 жылдан астамы басшылық лауазымдарда. КСРО ҚК және ҚР ҚК қызметі үшін 15 медаль, сондай-ақ "Қазақстанның Құрметті машина жасаушысы" және "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнерін беруге қосқан үлесі үшін"медальдары бар.

Бұған дейін бас директор қызметін Кәрімов Ержан Балықбайұлы 7 жылдан астам уақыт атқарды. Оның басшылығы кезеңінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді, мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары тиімді орындалды.

"КИ 811 автожөндеу зауыты" АҚ автомобиль, әскери және шынжыр табанды техника мен олардың агрегаттарын күрделі жөндеу, жаңғырту және қайта жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге маманданған Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады және осы жұмыс түрлері бойынша еліміздің күштік ведомстволарының мемлекеттік тапсырыстарын орындауда қырық жылдан астам тәжірибесі бар.

Тізіміне оралу