Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ ҚӨК дамыту саласындағы халықаралық серіктестікті күшейтуде

"Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ мен ASFAT Inc.түрік холдингі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастықтың алғышарттары жылдың басында қаланды: осы жылдың қаңтар айында Нұр-сұлтан қаласына жұмыс сапарымен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, ал ақпан айында оның орынбасары Мухсин Дере келді. Бірқатар кездесулер барысында түрік ҚӨК өкілдері "Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ-ның бірқатар кәсіпорындарын аралады.

Түркияға жауап сапары барысында "Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Сәрсембаев пен "ASFAT" Басқарма Төрағасы Эсад Ақгүн бірлескен өндірісті іске асыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екі мемлекеттік қорғаныс-өнеркәсіптік холдингтердің ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

ASFAT Inc. - Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс Министрлігі жанынан құрылған Түрік мемлекеттік холдинг компаниясы. Холдингтің 27 әскери зауытта білікті де тәжірибелі персоналы бар 3 Әскери-теңіз верфінде өндірісте, жаңғыртуда, жөндеуде, техникалық қызмет көрсетуде және күтіп-ұстауда 30 жылдан астам тәжірибесі  бар. ASFAT Inc. қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін экспорттау процестерін жеңілдетуде жетекші рөл атқарады. ASFAT Inc. достық және одақтас елдерге жобалау, өндіру, техникалық қызмет көрсету, қолдау, оқыту салаларында инновациялық шешімдерді ұсынады және мемлекеттік-жеке серіктестік құрған синергетикалық әсері бар өмірлік циклды басқару негіздерін іске қосуға тырысады.

Түрік ҚӨК пен ASFAT холдингімен әріптестікті дамыту "Қазақстан Инжиниринг "ҰК АҚ ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі болып табылады. Түркия Республикасына іссапар барысында "BAYKAR MAKINA", "ASELSAN" ҚӨК компанияларымен бірқатар кездесулер өткізілді, сондай-ақ MIGYEM, MAAT, MKEK Çelikhane зауыттарына барды.

Тізіміне оралу