Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

13 млрд. теңгеге ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2020 жылдың 28 ақпанында ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің қатысуымен ««Samruk Business Forum» шарасы өтіп, онда отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Форум аясында отандық импортты алмастыратын өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды, оның ішінде «Қазақстан инжиниринг» АҚ еншілес компаниялары да бар.

Форум барысында «СК Казахстан инжиниринг» АҚ Басқарма Төрағасы Қуаныш Бишімов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов жалпы сомасы 13 млрд. теңге болатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандумда «ПТЖМ» АҚ, «Киров зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ сияқты еншілес кәсіпорындары арасындағы «ҚТЖ» АҚ және «Қазмұнайгаз» АҚ-на тауарлар мен қызметтерді жеткізу жөніндегі келісімдер ескерілген.  

«Үкіметтің тапсырмасын орындау мақсатында отандық азаматтық өнімді көбейту, импортты алмастыру және экспортты жылжыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл «Қазақстан инжиниринг» АҚ компаниялар тобында азаматтық өнімнің көлемі 2 еседен астамға өседі деп күтілуде », - деді Қ. Бишимов.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Тізіміне оралу