Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

«Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары

Авиациялық кластерді дамыту: EMBRAER-мен ынтымақтастық

Бразилиялық EMBRAER Defense & Security компаниясының өкілдері "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Кездесуге Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік директор Тахар Зуче және "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ Басқарушы директоры Сұлтан Сейсенғалиев қатысты.

Сапар аясында Нұр-Сұлтан қаласында авиациялық-өнеркәсіптік кластер құру жөніндегі жобаны іске асыру туралы идея ұсынылды. Тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін бірқатар әлеуетті жобаларды талқылады, ал қорытындысы бойынша одан әрі кооперация бойынша жол картасы әзірленетін болады. Сондай-ақ тәжірибе алмасу және техникалық мамандарды оқыту бойынша белсенді қызмет жүргізу, сондай-ақ ұшақтарды ТЖМ қажеттіліктеріне жабдықтау мүмкіндіктерін қарау жоспарлануда.

"Эмбраэр" (Embraer S. A., Empresa Brasileira de Aeronáutica S. A.) — Бразилиялық авиақұрылыс конгломераты, өңірлік жолаушылар ұшақтарының әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі. Әскери, әкімшілік және ауылшаруашылық ұшақтарын шығарады. Defense & Security компаниясының бағыты әскери ұшақтарды, олар үшін қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ әуе және жер үсті операцияларына арналған миссия жүйелерін өндірумен айналысады. Өндіріс орындары Бразилияда шоғырланған. Компанияның әлемдегі ең ұзын ұшу-қону жолақтарының бірі (шамамен 5000 м) бар сынақ алаңы бар.

IMG_5039.jpgIMG_5048.jpgIMG_5055.jpgIMG_5057.jpg

Тізіміне оралу