Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басшысының орынбасары Байділдин Жігер Еркінбекұлы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ, оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ компания мен ЕТҰ-ның негізгі жеткізушілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізді.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қыр-сыры түсіндірілді. Мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесіне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ әлеуметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ерекше назар аударады, осыған байланысты компанияның барлық еншілес ұйымдарында комплаенс-офицерлер қызметін жүзеге асырады, сатып алу мен жалпы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша құралдар енгізілуде, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін жеткізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністерге, әдепсіз мінез-құлыққа тап болсаңыз және сіздің құқығыңыз бұзылса немесе «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері тарапынан заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға еріксіз куәгер болсаңыз, compliance.officer@ke.kz электрондық мекен-жайына хабар берсеңіз болады.

Кері қайту