Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Құзыреттілік Орталығы: екінші отырыс

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Құзыреттілік Орталығы – ғылыми-техникалық консультативтік сараптама орталығының екінші отырысы өтті.

Отырыс барысында компанияның ағымдағы қызметі туралы, оның ішінде ғылыми зерттеу және талдау жұмыстары туралы мәселелер қозғалды, сондай-ақ жаңа жобалар таныстырылды және әлеуетті перспективалық жобаларды іске асыру талқыланды.

Отырысқа «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті РММ», «Әскери ғылымдар академиясы» РҚБ, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» ММ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері қатысты. Олар ағымдағы қызмет және жобалар туралы баяндама жасады, сондай-ақ құзыреттілік орталығының жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Орталықтың қызметі жоғары кәсіби қызметтердің құрылымы ретінде келесі салалық міндеттерді шешуге бағытталатын болады:

  • пәнаралық тәсіл мен жаңа білім іздеуді талап ететін ҚӨК мәселелері бойынша кеңес беру және сараптамалық қорытындылар;
  • қару-жарақ пен әскери техниканы әлемдік өндірушілердің жаһандық үрдістеріне және технологиялық прогресіне сәйкес жаңа шешімдер әзірлеу;
  • ҚӨК отандық кәсіпорындарына инновацияларды енгізуге ықпал ететін жаңа идеяларды генерациялау;
  • отандық және әлемдік деңгейде оқу және ғылыми мекемелермен серіктестік қарым-қатынасты дамыту;
  • корпоративтік білім беру құрылымдарын, инновациялық алаңдарын, корпоративтік-инновациялық орталықтарын құруға жәрдемдесу.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Құзыреттілік Орталығын құрудың бастамашысы болып табылады. Құрылған Орталық бірінші кезекте жаңа білімді іздестіруге, олардың белсенді трансфері мен консультациялық, сервистік және жоғары кәсіби қызметтерді көрсетуге бағытталған құрылым болып табылады. Орталықтың жұмысына әскери ғылым, қорғаныс өндірісі және әскери іс саласында жоғары кәсіби сарапшылар тартылған.

Кері қайту