Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС мен «Семей машина жасау зауыты» АҚ арасында келісімге қол қойылды

2022 жылғы 9 қыркүйекте «Семей машина жасау зауыты» АҚ-на «Самұрық-Қазына» қорының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және Семей қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Зауыт бойынша таныстыру экскурсиясынан кейін, кәсіпорынның тарихымен және өндірістік базамен танысқаннан кейін, импортты алмастыру бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС мен «Семей машина жасау зауыты» АҚ арасында офтейк-келісімшарт жасасу ниеті туралы келісімге қол қойылды. Ол жеткізілетін өнімге ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қою арқылы Қазақстанның жаңа өндірістік аумақтарын құруға бағытталған. «СМЗ» АҚ импортты алмастырудың осы бағдарламасына қатысуға дайын екендігін білдірді, тараптар алдағы уақытта Қор компаниялары үшін зауыт шығаруға дайын өнімге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу туралы келісімге қол қойды. Бұл сұраныс бар, бірақ Қазақстан аумағында өндірілмейтін өнім. «Самұрық-Қазына» АҚ-мен офтейк-келісімшартқа қол қоя отырып, Қазақстан өзінде жаңа тауарлар шығаруды ретке келтіріп, жаңғыртады. Қор өз кезегінде отандық тауар өндірушілерге ұзақ мерзімді шартқа кепілдік береді.

«Отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді қолдау қордың негізгі басымдығы болып табылады. Біз импортты алмастыру саясатын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз», – деді «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС Бас директорының орынбасары Дархан Рамазанов.

«Қазақстанда импортты алмастыру бағдарламасы іске қосылды, оның аясында «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС шетелдік компаниялардан сатып алынатын бөлшектерді алмастыру үшін біздің өнімдерімізді келісімшарттық дайындауға шығуға көмектеседі. Жоба бойынша жұмыс басталып кетті, біз келісімге қол қойдық, содан кейін келісім – шарттарды ресімдеп, жеткізілімдер басталады», - деп хабарлады «Семей машина жасау зауыты» АҚ директоры Марат Алёнов.

«Семей машина жасау зауыты» АҚ – 1969 жылы құрылған «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымы. Кәсіпорында машина жасау өндірісінің толық циклі-өз жер учаскесіндегі цех, кең станок паркі және білікті мамандар бар.

Кері қайту