Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

«Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары

Машина жасаушылар кәсіподағы саланың үздік мамандарын марапаттады

   С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында машина жасаушылар күні қарсаңында 2022 жылдың 22-23 қыркүйек аралығында машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы (бұдан әрі-кәсіподақ) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша байқау, машина жасау, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

   Байқау қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

«Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» номинациясы бойынша:

- 2 орын - Сигутин Анатолий Анатольевич («С.М.Кирова атындағы зауыт» АҚ);

«Үздік токарь» номинациясы бойынша:

- 1 орын - Хасанов Мәди Сәрсенұлы («Зенит» Орал зауыты» АҚ);

- 2 орын - Мыльников Виталий Александрович («Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ);

- 3 орын – Мақанов Санат Сембайұлы Анатольевич («С.М.Кирова атындағы зауыт» АҚ).

   Байқау – конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, дипломдар мен ақшалай көтермелеулер табыс етілді, сондай-ақ барлық қатысушылар алғыс хаттар алды. Біздің қызметкерлерді құттықтаймыз!

0K2A9527.JPG0K2A9506.JPG

Тізіміне оралу