30 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Жоламан» әуеайлағының аумағында «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – АОО/Орталық) ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері (ИИДМ, ҚМ, ТЖМ, ЦДИАӨМ, МКҰ, ҰҚК ШҚ және т.б.), ҰҰА әзірлеу, өндіру және техникалық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар, оқу орындары мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Аталған іс-шара B2G форматында өтті. Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері пилотсыз саладағы инновациялық шешімдермен танысты: «SC Tech» ЖШС шығарған «IRBIS-4.0» ұшақтарының, сондай-ақ «SC Tech» ЖШС шығарған «Irbis-4.0» ұшқышсыз ұшақтарының демонстрациялық ұшулары өткізілді. Сонымен қатар, қонақтарға «Supercam S350» ҰҰА («KAZUAV» ЖШС), «Шағала-М» ҰҰА және турбореактивті қозғалтқышы бар үлкен нысана («Қазақстан Инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС), «TENGRI PRO 2.5» ҰҰА және «Orion 6 3D» гексакоптер («Qazdron» ЖШС), «Аспан» сериялы антидрон жүйесінің («KazTechInnovations» ЖШС), виртуалды шындық жүйесінің («Tactical Tech» ЖШС) және әуе картографиялау жүйесінің («KazAeroSpace» ЖШС) жабдығы ұсынылды.
Іс-шараны АОО бас директоры С. Н.Жандыкеев ашып, қонақтарды орталықтың, «Жоламан» әуеайлағының және оның нысандарының қызметімен таныстырды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т.К. Әбдірахманов «Жоламан» әуеайлағының инфрақұрылымының жай-күйі, АОО-ны дамытудың ықтимал бағыттары, сондай-ақ инвесторларды тарту және пилотсыз саланың толыққанды кластерін құру мақсатында күш-жігерді біріктіру қажеттігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, қазақстандық ҰҰА қауымдастығының тұсаукесерімен Атқарушы директор - Ю.Ю. Рубаняк баяндама жасады.
Іс-шарада спикерлер ретінде генерал-полковник С.А. Жасұзақов пен генерал-лейтенант Н.Б. Ермекбаев сараптамалық пікірлерімен сөз сөйлеп, аталған іс-шараның ҚР Қарулы күштері тарапынан осы салаға деген қызығушылықтың артуына және ҚР-да шағын авиацияны дамыту қажеттілігіне байланысты өзектілігін атап өтті.
Шақырылған қонақтар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұйымдастырған пилотсыз саладағы отандық кәсіпорындарға тәжірибе алмасу алаңына жоғары баға беріп, одан әрі кооперацияға дайын екендіктерін білдірді.
Анықтама: АОО ұшу құрамын оқытуға мамандандырылған сертификатталған авиациялық оқу орталығы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 561 қаулысымен Орталық ҚР Қорғаныс Министрлігінен «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қарамағына берілді.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ ынтымақтастыққа мүдделі отандық компанияларды, сондай-ақ шағын авиацияны, аспап жасауды және ҰҰА дамыту үшін әлеуетті инвесторларды шақырады. Байланыс үшін email: ke@ke.kz