Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ объектілерін жекешелендіру туралы ақпараттық хабарлама

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ («Қазақстан инжиниринг» / Компания) Компания кәсіпорындарына инвестициялар тарту және оларды қаржылық сауықтыру мақсатында 9 еншілес және тәуелді ұйымды жекешелендіру туралы шешім қабылданған болатын.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде ағымдағы жылдың тамыз айында «Қазақстан инжиниринг» бастамасы бойынша қорғаныс өнеркәсібі үшін маңызды 3 кәсіпорынды жекешелендірудің Кешенді жоспарынан алып тастауға мүмкін болды: «Семей инжиниринг» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС, «Steel Manufacturing» ЖШС. Сондай-ақ, оңалту рәсіміне байланысты (банкроттық туралы заңнамаға сәйкес), «Семей машина жасау зауыты» АҚ алынып тасталды.

Қазіргі уақытта Компанияның 5 кәсіпорны бәсекелес ортаға беруге жатады: «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ.

Компания олардың акционерлерінің құрамынан толық шыққанға дейін (2025 жылға дейін), олардың кейбіреулерінде қолданыстағы арнайы бұйымдар өндірісін Компанияның басқа объектілеріне көшіруді жүзеге асыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Компания кейбір активтерді өткізу тәсілдерін қайта қарады және бүгінгі күні кезең-кезеңімен өткізу ұсынылды. Біріншіден, сатуға   51%-дан аспайтын үлес, екінші кезеңде 49% ұсынылады. Кәсіпорындарды іске асырудың екінші кезеңіне Компания инвестор/инвесторлар сатып алынатын зауыттарда азаматтық өндірісті дамыту және осы кәсіпорындардың қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайларды жақсарту жөніндегі шаралар кешенін іске асырғаннан кейін кіріседі.

Стратегиялық өндірістерді бәсекелестік ортаға толық беру – жоспарланбайды.

Кері қайту