Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ тәуелсіз директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Тәуелсіз директорлар институтын және олардың тәуелсіз шешімдер қабылдаудағы рөлін күшейту мақсатында осы жылдың шілде айында алғаш рет «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарына Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарды іріктеу бойынша ашық конкурс өткізілді.

Тәуелсіз директорларды іріктеуді ескере отырып, компания еншілес ұйымдардың құрамын қалыптастырды.

Тәуелсіз директорлардың көпшілігі «Qazaq Independent Directors» қауымдастығының мүшелері болып табылады, жоғары кәсіби біліктілікке, түрлі қызмет салаларында жұмыс тәжірибесіне ие.

Өткен жұмада компанияның Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов еншілес ұйымдардың тәуелсіз директорларын компанияның және оның кәсіпорындарының ағымдағы қызметімен танысуға, өзекті мәселелерді шешу бойынша мәселелерді, сондай-ақ одан әрі даму перспективаларын талқылауға шақырды. 

Тәуелсіз директорлармен ұсыныстар мен тілектер айтылды.

«Ішкі аудит қызметінің рөлі қоғамдастық қызметі үшін маңызды. — «Семей Инжиниринг» АҚ тәуелсіз директоры атап өтті. — Директорлар кеңесіне ұсынылатын маңызды сұрақтарға аудиторлық сараптауды жүргізуді атап өтуге болады».

Кездесулердің тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

«Корпоративтік басқару жүйесінің жетілдіруімен жұмыс жасаудамыз, қазіргі таңда барлық процесстерді трансформациялаудамыз. Біз үшін тәуелсіз директорлармен ашық жұмыс жасау өте маңызды», — деді Т. Әбдірахманов.

Кері қайту