Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

«Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары

«ПЗТМ» АҚ - Азаматтық өнім шығаратын көпсалалы зауыт

Бүгінде «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ-ы қорғаныс, қосарлы және азаматтық мақсаттағы өнімдер өндірумен айналысатын Қазақстанның 19 машина жасау кәсіпорынын біріктіреді.

Бүгін Петропавл қаласындағы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-на (бұдан әрі – «ПЗТМ» АҚ) тоқталуды ұсынамыз.

«ПЗТМ» АҚ бір кездері Қазақстандағы мұнай - газ өндіру, мұнай - газ өңдеу, мұнай - химия, химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтар шығаратын ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі, өкінішке орай, қазір күрделі экономикалық және техникалық жағдайда. Алайда, мемлекет модернизацияға қаражат салды және қазіргі заманғы технологиялар негізінде, дұрыс басқарумен зауыт өзінің бұрынғы даңқын қайтадан ала алады.

Кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ құрамына кіреді, көп бейінді өндірістік және сынақ базасы, дамыған аспаптық өндірісі, білікті кадрлары бар, бұл дайындалатын бұйымдардың номенклатурасын ұдайы кеңейтуге мүмкіндік береді. «ПЗТМ» АҚ-да 480 адам еңбек етеді. Ағымдағы жылы жасалған шарттардың көлемі 10 млрд. теңгеден асты.

Дайындаудан және механикалық өңдеуден бастап құрастыру, бақылау және сынау жұмыстарын жүргізуге дейін, өнімді дайындаудың толық циклін орындау үшін, өндірістің барлық түрлері бар, оның ішінде: механикалық өңдеу, аспаптық, дәнекерлеу, дайындау, термиялық, ағаш өңдеу, гальваникалық өңдеу, лак - бояу жабындары, резеңке және пластмассадан бұйымдар жасау, құрастыру және сынау өндірісі, бақылау- өлшеу зертханалары, жүк көтергіш құралдар.

«ПЗТМ» АҚ-да заманауи жабдықтар сатып алынды: HYUNDAI токарлық және тігінен өңдеу орталықтары, DMG MORI 5 осьтік токарлық-фрезерлік өңдеу орталықтары, FU450MRAPUG NC-02 және KMB-U7 кең әмбебап фрезерлік станоктары, VTL 1200atc+C токарлық - карусельді металл кесетін станок, жартылай автоматты ВСН-350 cnc25 тіс фрезерлік станогы және т. б.

Өндірістің заманауи технологиялары тапсырыс берушінің тілектерін ескере отырып, ГОСТ, ОСТ, ҚР СТ, ASME және API стандарттарына сәйкес, өнімдердің кең номенклатурасын жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өндірістік қуаттарды жаңғырту және қайта жарақтандыру есебінен шығарылатын өнімнің өнімділігін арттыруға және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дайын.

Азаматтық бағыттағы жаңа жобаларды дамыту шеңберінде мұнай - газ өндіру және қайта өңдеу саласының жобаларына қатысу үшін, термос -вагондар мен жаңа жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін игеру бойынша жұмыс жүргізілуде. «ПЗТМ» АҚ Қазақстанның ірі мұнай - газ инвестициялық жобаларына қатысу үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Ұңғымаларды жөндеу және бұрғылау үшін техника өндірісін қалпына келтіру жоспарлануда.

«ПЗТМ» АҚ негізгі қызметі азаматтық өнім өндіруге бағытталған. 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 908 қаулысымен зауыт жекешелендіруге жатады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік мүлік тізілімінің Веб-порталында зауытты сату туралы хабарландыру дайындалуда www.gosreestr.kz.

Тізіміне оралу