Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

«Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін ақпаратты жедел есте сақтау бойынша тренинг өткізілді

«Қазақстан Инжиниринг»ҰК» АҚ қызметкерлерге қамқорлық жасауға ерекше көңіл бөледі. Компанияның корпоративтік мәдениеті табысты жұмысқа қол жеткізудегі басты ресурс адамдар екендігіне негізделген, сондықтан олардың қолдауы бірінші орында.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту мақсатында педагог және ақпаратты есте сақтаудың өзіндік әдістемесінің авторы Сембаева Әсем «Миды қосу» курсын өткізді.

Қызметкерлерге ақпаратты есте сақтау әдістері, ойлау жаттығулары және есте сақтау қабілетін жақсарту жолдары бойынша қадамдық схема ұсынылды. Қатысушылар сонымен қатар күнделікті интеллект пен есте сақтау жаттығуларының жүйесін алды, оны іс жүзінде белсенді қолдануға болады.

Адам неғұрлым көп дамып, өз дағдыларын жетілдірсе, ми құрылымы соғұрлым тез өзгереді, жаңа нейрондар пайда болады және зақымдалған нейрондар қалпына келтіріледі. Ми жаттығулары танымдық және шығармашылық функцияларды жақсартуға көмектеседі. Сондықтан, жадымызды үнемі жаттықтыру арқылы біз жалпы интеллектті жақсартамыз, осылайша ойлау шекарасын кеңейтеміз.

Мұндай іс-шараларды өткізуге қызығушылық танытқан жағдайда, оқу-әдістемелік орталықтың поштасына жүгіну қажет alfarabi@umc.com

Тізіміне оралу