Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сауда-саттық туралы хабарлама
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ПАМЗ» АҚ) 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2023 жылы «28» ақпанда (Астана уақыты) сағат 12:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы шешімімен (№6 хаттама) бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акциялары (бұдан әрі – Актив).

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

«ПЗТМ» АҚ өндіретін өнімдері мен көрсетілетін қызметтері:

  • жылжымалы бұрғылау және көтеру қондырғылары. Ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу үшін қолданылады;

  • сервистік қызмет көрсетуге арналған арнайы техника (автоцистерна, цементтеу және жөндеу автомобильдері, қышқыл беретін жылжымалы қондырғы);

  • Көтергіш агрегаттар мен арнайы техниканың қосалқы бөлшектері (цементтеу және үш жүзді сорғылар, гидравликалық спайдер, гидроротор, тізбекті кілттер, штангалық, құбырлы);

  • энергетикалық жабдық (қазандықтардың газ тығыздағыш панельдері ауа жылытқыштар, газ және ауа салқындатқыштар, бу қыздырғыштардың пакеттері);

  • жылу алмастырғыш жабдық (ауамен салқындату аппаратына секциялар, жылу алмастырғыштар, сыйымдылықтар, сепаратор, тұтқыр мұнай өнімдерін төменгі ағызуға арналған аппарат);

  • темір жол жабдығы (рельсті көтергіш, гидравликалық үдеткіш, т/ж домкрат, ауа резервуары, шпал жиектеу блоктары).

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Я. Гашек көшесі, 1 ғимарат.

Активтің бастапқы бағасы: 6 332 742 260 (алты миллиард үш жүз отыз екі миллион жеті жүз қырық екі мың екі жүз алпыс) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

  1. «ПАМЗ» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;

  2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «ПАМЗ» АҚ қызметкерлерінің барлық штат санын сақтау;

  3. «ПАМЗ» АҚ-да жұмыс орындарын сақтау немесе жаңаларын құру;

  4. сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) Активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу;

  5. Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 36 (отыз алты) ай ішінде
    «ПАМЗ» АҚ-ның негізгі қарызын, негізгі қарыз бойынша сыйақы, айыппұл (өсімпұл, тұрақсыздық айыбы), дивидендтерді, басқа берешекті төлеу бойынша Компания алдында кредиторлық берешегін өтеу;

  6. Сатып алушы Активке меншік құқығын сатып алушыға ауысқанға дейін Сатып алушы Компания ұсынған жеке тұлғаны «ПАМЗ» АҚ Бас директорының арнайы өнім жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындауға міндеттенеді, ол қорғаныс өнімін әзірлеуді және өндіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшені қалыптастырады және оған жетекшілік етеді, ал құрылымның, не лауазымның атауы өзгерген жағдайда, жоғарыда көрсетілген ұқсас позицияға;

  7. Сатып алушы «ПЗТМ» АҚ-ның қорғаныс (арнайы) жобаларын, оның ішінде конструкторлық және технологиялық құжаттаманы, жарақтарды, зияткерлік меншікті, жабдықтарды және өзге де техниканы, сондай-ақ қорғаныс (арнайы) жобалары бойынша қызметтерді өндіру және көрсету кезінде пайдаланылатын кез келген өзге құжаттама, техникалық құралдар және т. б. (тізбе әлеуетті сатып алушының сұрауы бойынша ұсынылады) Компанияның басқа еншілес және тәуелді ұйымдарына беруге келісім береді, сондай-ақ жәрдем көрсетеді және кедергі жасамайды;

  8. экономиканың мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу, энергетика, темір жол салалары үшін азаматтық өнім шығару бейінін сақтау, сондай-ақ «ПАМЗ» АҚ қызметіне байланысты сатып алудың барлық субъектілері мен санаттары бойынша мемлекеттік сатып алу және өзге де тендерлер мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  9. азаматтық өнімнің жаңа нарықтарына шығу мүмкіндігімен азаматтық өнім желісін кеңейту (кемінде бір жаңа өндіріс құру);

  10. «ПАМЗ» АҚ-да шығарылатын арнайы техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 24 (жиырма төрт) ай ішінде бөліп төлеуге жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30 %-ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында таныса аласыз.

Актив туралы қосымша ақпаратпен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (Сатушы) атына мына электрондық мекенжайларға ресми сұрау салу арқылы танысуға болады: ke@ke.kz, dkr@ke.kz. Сұрау салу электрондық конкурстың өтінімдерін қабылдау мерзімі кезеңінде қабылданады. Ақпарат құпиялылық туралы келісімге қол қою шартымен беріледі.

103 500 000 (жүз үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі кепілдік ретінде қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Электрондық конкурста жеңіске жеткен қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және сатушының Активі сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюы бойынша міндеттемелерін орындауды белгілейтін құжат.

Электрондық конкурсты өткізу тәртібі, электрондық конкурсқа қатысуды ресімдеу тәртібі, жеңімпазды айқындау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтында көпшілікке қолжетімді Регламентте танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) телефондары арқылы алуға болады.

Кері қайту