Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат кездесуі өтті

21 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Астана қаласы мәслихатына кандидаттардың компания қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Қызметкерлер алдында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы және Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Sun events» ЖШС бас директоры Самидин Сәуле Самидинқызының сенімді өкілі сөз сөйледі.

Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, реформалар туралы сұрақтарға жауап берді және қазақстандық қоғамның ең өзекті мәселелерін талқылады.

Мәслихат депутаттары мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыс мәселелерін шешеді, заңға тәуелді актілер мен басқа да шешімдер қабылдайды, олардың құзыретіне сәйкес, олардың өмір сүруіне жәрдемдеседі, халық пен билік арасындағы өзіндік көпір бола отырып, ел заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Кез келген партия үгіт-насихат кездесулерін өткізуге жәрдемдесу үшін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ға жүгіне алады. Мұндай іс шараларды өткізуге мүдделі болған жағдайда ke@ke.kz электрондық поштасына хат жолдау қажет.

Кері қайту