Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құзыреттілік орталығы: Үшінші отырыс

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құзыреттер орталығы-ғылыми – техникалық консультативтік сараптама орталығының үшінші отырысы Астана қаласында өтті.

Отырыс барысында Әбу-Даби қаласындағы IDEX «International Defence Exhibition» көрмесі бойынша сапардың қорытындылары талқыланды, Компанияның ағымдағы қызметі, оның ішінде ғылыми зерттеу және талдау жұмыстары туралы мәселелер қозғалды, сондай-ақ жаңа өндірістерді игеру перспективалары қаралды.

Отырысқа «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» ММ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» РММ, «Қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, ҚР ҚК Арнаулы Операциялар Күші, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Гвардиясы, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС.

Орталықтың қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • ҚӨК мәселелері бойынша кеңес беру және сараптамалық қорытындылар;
  • қару-жарақ пен әскери техника өндірісі саласындағы жаһандық үрдістерге және жаңғыртуға сәйкес жаңа шешімдер әзірлеу;
  • ҚӨК отандық кәсіпорындарына инновацияларды енгізуге ықпал ететін жаңа идеяларды қалыптастыру;
  • отандық және әлемдік деңгейдегі оқу және ғылыми мекемелермен әріптестік қатынастарды орнату және дамыту;
  • корпоративтік білім беру құрылымдарын, инновациялық алаңдарды, корпоративтік-инновациялық орталықтарды құруға жәрдемдесу.

Құзыреттілік орталығы ең алдымен жаңа білім іздеуге, оларды белсенді пайдалануға және консультациялық, сервистік және кәсіби қызметтер көрсетуге бағытталған құрылым болып табылады. Орталықтың жұмысына әскери ғылым, қорғаныс өндірісі және әскери іс саласындағы тартылған сарапшылар қатысады.

Кері қайту