Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да ҚӨК проблемалық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Respublica партиясының депутаттары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ға Қорғаныс – өнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы проблемалық мәселелерді талқылау және шешу үшін келді.

Қонақтар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компания тобына кіретін кәсіпорындар туралы ақпаратпен танысты. Компания тарапынан саланың проблемаларын жүйелі шешу үшін бірқатар бастамалар ұсынылды, олардың кейбіреулері өзектілігін жоғалтқан заңнамалық нормалармен байланысты. Кездесу барысында ҚӨК туралы қолданыстағы заңға түзетулер енгізуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

МҚТ орындауға тартылған кәсіпорындарға қатысты көптеген проблемалық мәселелер, олар жеке немесе мемлекеттік болсын, жұмыс тәртібімен пысықталатын болады және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Кері қайту