Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Қоғамдық кеңесі Компанияны трансформациялау саласында өз қызметін белсенді жүргізуді жалғастыруда. 2023 жылғы бірінші отырысы Басқарма төрағасы Т.К. Әбдірахмановтың қатысуымен өтіп, Қоғамдық кеңестің белсенді емес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату, Компания қызметкерлерінің жалақысын арттыру, оның ағымдағы қызметі мен берешектері туралы мәселелерді талқылау болды.

Компанияның Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Ж. Әлиев отырыстарға қатыспайтын кеңес мүшелерін алып тастауды ұсынды.

Кредиторлық берешектің ағымдағы жағдайы туралы есеп тыңдалды. Қазіргі уақытта ағымдағы қарызды уақтылы өтеу бойынша толық шаралар қабылдануда. Өткен жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредиторлар алдындағы берешек 26,9 млрд. теңгеден 15,5 млрд. теңгеге дейін төмендетілді. Өтеудің жалпы сомасы 13,0 млрд. теңгені құрады.

Айта кету керек, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өз кезегінде қарыздар берілген сәттен бастап, 19 қайта құрылымдау жүргізді (өтеу мерзімін ұзарту және сыйақы мөлшерлемесін төмендету), осылайша Компанияны ғана емес, сонымен қатар, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының ұжымын да қолдады. 2024 жылғы 01 ақпанға дейін төлемдерді ауыстыру шартымен берешекті қайта құрылымдауды жүргізу мәселесі бойынша келіссөздер жалғасуда.

Сондай-ақ, орталық аппаратты қоспағанда, инфляция деңгейін ескере отырып, Холдингтің барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен, Компания тобы бойынша жалақы 2022 жылмен салыстырғанда 8.5%-ға және 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға көтерілді.

Өз кезегінде, Қоғамдық кеңес «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басшылығы қолдаған компанияның даму жоспарына бірқатар ұсыныстар берді:

  1. Отырыстарға қатыспайтын Компанияның Қоғамдық кеңесінің мүшелері алынып тасталсын;
  2. № 2 қарыз бойынша ағымдағы сыйақы мөлшерлемесін жылдық 0,1 сақтай отырып, төлемдерді 2024 жылғы 01 ақпанға дейін ауыстыру шартымен берешекті қайта құрылымдауды жүргізу мәселесін шешу;
  3. Компания қызметкерлерінің жалақысын көтеруді қарастыру.

Кері қайту