Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жоқтығы туралы мәліметтерді алуға арналған нұсқаулық

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулерді көздейтін қолданыстағы еңбек заңнамасын еске салады.

eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында «Тұлғаға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» жаңа мемлекеттік қызметі қолжетімді.

Жаңашылдық сыбайлас жемқорлық қылмыстарының болуы немесе болмауы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • Азаматтық қызметке кіру кезінде;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді).

Бұған дейін де бұл мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның аумақтық басқармалары азаматтың е-Оtinish.kz. арқылы жеке өтініші бойынша берген болатын.

Қазіргі уақытта тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беру www.egov.kz веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің жеделдетілген саласына ауыстырылды.

Компанияның Комплаенс-қызметі Компанияның және ЕжТҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар, этикалық емес мінез-құлық көріністері туралы хабарламаларды compliance.officer@ke.kz электрондық пошта және тел.: 8 (7172) 72-52-52, ішкі 1110 қабылдау бойынша жедел желі жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.

Кері қайту