Бүгін, 12 сәуір - Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні. Құрметті ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және әріптестер, Сіздерді Қазақстан ғылым қайраткерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен «Ғылым қызметкерлері күні» болып белгіленген.
Тарихқа көз жүгіртсек, бұл мереке Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне арналды.
Ұлы ғалымның бүгінде қазақ ғылымын дамытып жатқан ізбасарлары аз емес.
Мерекеге орай 2022 жылғы 11 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында наградалар мен мемлекеттік сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Солардың ішінде біздің бас директорымыз Байсейітов Ғани Нұралыұлы мен қорғаныс саласындағы ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшіміз Тасболатов Абай Болюкпаұлы көптеген еңбектері мен ғылыми жүйені дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің алғысына ие болды.
Өз ісіне адал, ғылымның дамуына зор үлес қосып жүрген ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Құрметті әріптестер, ғалымдар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз үшін, бірегей әзірлемелеріңіз үшін, идеяларыңыз үшін, стандартты емес тәсілдер мен батыл эксперименттеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сізге денсаулық, жаңашыл идеялар мен жаңа ашылымдар тілеймін!
Ғани Байсейітов
Ғылым қызметкерлері күні