Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарманың жаңа төрағасы тағайындалды

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен Керейбаев Мұхтар Жұмағазинұлы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Керейбаев Мұхтар Жұмағазинұлы 1964 жылы 6 қазанда Семей облысында дүниеге келген. Алматы инженерлер және темір жол көлігі институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1986-1991 жылдары Семей локомотив депосында ауысым бригадирі, өндіріс бастығы қызметтерін атқарды.

2000-2007 жылдары «Қорық» мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеді: Семей сауда филиалында менеджер және басқарушы, «Балқаш» филиалының директоры, Астана қаласындағы «Қорық» мемлекеттік кәсіпорнында бас директордың бірінші орынбасары және бас директор қызметтерін атқарды.

2010-2015 жылдары «Тыныс» АҚ қос мақсаттағы өнімдер мен азаматтық өндірісті шығаратын зауытының бас директоры қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары Астана қаласы әкімдігінің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқарды.

2020 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.

2021 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Керейбаев Мұхтар Жұмағазинұлы құрметті инженер-механик атағына ие, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері.

Кері қайту