Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы шешімімен Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Теміржан Әбдірахманов 1987 жылы Алматыда дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Нархоз университетін, MEPhI Ұлттық зерттеу ядролық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ халықаралық жобалар және ынтымақтастық департаментінің менеджері болып бастаған ол 2010-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «АППАК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп) түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2015-2017 жылдары «Волковгеология» АҚ (Қазатомөнеркәсіп) стратегиялық даму, маркетинг және инновациялар департаментінің директоры болды.
2017-2020 жж «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» АҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды