Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен отырыс

2023 жылғы 28 сәуірде АҚ «ҰК «Қазақстан инжиниринг» және ЕТҰ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшы құрамымен қорғаныс-өнеркәсіп өндірісі мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Отырыс аясында отандық өндірісті дамыту үшін жағдайды жақсарту бойынша түрлі мәселелер мен ұсыныстар ұсынылды.

Бірінші кезекте Қазақстан Республикасындағы қорғаныс өнеркәсібі салаларының алдында тұрған проблемалар талқыланды, жергілікті ұйымдарды одан әрі дамыту үшін сындарлы және практикалық шешімдер ұсынылды.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауда отандық кәсіпорындар маңызды рөл атқарады. Қарулы Күштердің отандық ҚӨК-мен өзара іс-қимылы ел үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұл, ең алдымен, отандық өндірісті қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосады.

Кері қайту