Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен» меморандумға қол қою

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «R&D орталығы «Қазақстан инжиниринг» ЖШС-мен бірлесіп 2023 жылғы 5 мамырда «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің», ректорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, QS World University Rankings жалпы халықаралық рейтингінің ТОП-300 тізіміне енеді.

Кездесу барысында IT-технологиялар саласындағы бірлескен жұмыс, роботтандырылған жүйелерді, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын құру мәселелері, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ» инфрақұрылымын «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» ғылыми жұмыс үшін пайдалану мүмкіндігі талқыланды.

Өз кезегінде, екіжақты келісім ғылыми қызметті шоғырландыру және дамыту, өндіріс процесінде ғылым жетістіктерін пайдалануды жандандыру жөніндегі ниеттерді бекітті.

Кері қайту