Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ машина жасаушылар Форумында

Астана қаласында 10-12 мамыр аралығында Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтуде. Іс-шараның мақсаты машина жасау саласын дамытуға жәрдемдесу, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және бизнес пен мемлекет өкілдері арасындағы тиімді диалогты қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Компаниялар Тобының кәсіпорындары өздерінің азаматтық өндіріс өнімдерін ұсынды. Қойылған даналардың ішінде:

  • байланыс құралдары және радиостанциялар
  • ұшқышсыз ұшу аппараттары;
  • роботты кешендер;
  • қорғалған ноутбуктер;
  • шаң өткізбейтін құрылғылар.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ барлық ниет білдірушілерді D9.2 көрме стендіне баруға және ұсынылған өнімдермен танысуға шақырады. Компания әртүрлі салаларда Азаматтық бұйымдарды өндірумен және ықтимал қолданумен байланысты кез келген мәселелерді ынтымақтастыққа және талқылауға дайын.

Өтетін күндері: 2023 жылғы 10-12 мамыр;

Орналасқан жері: «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел 53/1, D9.2 стенді.

Сізді Форум қатысушыларының қатарында көруге шын жүректен үміттенеміз.

Кері қайту