Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «SPK Astana Development» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

2023 жылғы 12 мамырда Қазақстан машина жасаушылар форумында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «SPK Astana Development» ЖШС Астана қаласының Іскерлік туризм индустриясын бірлесіп, дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды.

MICE — бұл корпоративті іс-шараларды дамытумен байланысты Іскерлік туризм. Тұжырымдаманың мәні қызметкерлерге арналған іскерлік кездесулер мен конференциялар, форумдар, съездер, тимбилдингтер, турларды ұйымдастыру және өткізуді қамтиды.

Индустрияның дамуы жаңа іскерлік байланыстардың пайда болуымен, қызметкерлерді ынталандырумен, сондай-ақ пайда мен бизнес позицияларын нығайтумен көрінеді.

Келісім шеңберінде ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді әріптестік қатынастарды орнату және дамыту, сондай-ақ корпоративтік сектор өкілдерімен жұмыс жөніндегі бағдарламаны бірлесіп, іске асыру жоспарлануда.

Кері қайту